Шавкат Рахмоновтың жұбайы екі құрбысының өлімі үшін сотталып кетуі мүмкін.

Бұл туралы ҚР ІІМ вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді. Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысуда.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК 245-бабы, 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттерге қатысты қолданылады. Егер кінәсі дәлелденсе, жауапты тұлға 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, 7 жылға дейін көлік басқару құқығынан айрылады.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 27 шілдеде Жамбыл облысындағы Алматы — Екатеринбург тас жолында болды. Toyota Land Cruiser көлігінде спортшының жұбайы, олардың кәмелетке толмаған ұлы және Гүлайым Рахмонованың екі құрбысы отырған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Апаттан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *