Голливудтың әйгілі актері Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанға фильм түсіріліміне келуі мүмкін. Бұл туралы Мақсат Кикимов мәдениет министрімен кездесу барысында айтты.

Мақсат Кикимовтың айтуынша, қазір әлемге танымал актерді фильм түсіріліміне шақыру жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

«Фильм түсіріліміне бізге Жан-Клод Ван Дамм келуі мүмкін. Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді ол.

Әзірге актердің Қазақстанға сапары нақты бекітілмеген. Сондай-ақ оның қандай фильмге қатысуы мүмкін екені және түсірілімнің қашан өтетіні туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Жан-Клод Ван Дамм – бельгиялық актер, жекпе-жек өнерінің шебері. Ол «Қанды спорт» (Bloodsport), «Кикбоксшы» (Kickboxer), «Әмбебап сарбаз» (Universal Soldier) және «Қос соққы» (Double Impact) фильмдері арқылы әлемге танылған.

Фото: Жан-Клод Ван Дамм / menslife.com

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *