XXV Қысқы Олимпия ойындарының медаль кестесі жарияланды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Италияда өткен XXV қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан құрамасы 1 алтын медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 94 елдің ішінде 19-орынға ие болды.

Ел қоржынына алтын жүлдені мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров салды.

Осылайша, ұлттық құрама 1994 жылдан кейін алғаш рет Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді. Отандастарымыз қысқы спорт түрлерінде дәстүрлі түрде жүлде алып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген Финляндия, Польша, Бельгия құрамаларын артта қалдырды.

Қазақстан құрамасынан қысқы Олимпиадаға 10 спорт түрінен 36 атлет (18 ер, 18 әйел) қатысты.

Фото: ҰОК

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *