15 наурыз күні елімізде Республикалық референдум өтеді. Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы платформаларды іске қосты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Облыс тұрғындары үшін referendum.orda.gov.kz сайты қолжетімді. Азаматтар сайтқа кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады.

Тұрғындар аталған сайтқа кіру арқылы учаскелік референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты алады. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын да көре алады. Бұл азаматтар үшін өте қолжетімді әрі оңай сервис болмақ.

Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм желісінде https://t.me/referendumKzo_bot арнайы бот жұмыс істейді. Мұнда да әрбір дауыс беруші азамат ЖСН теру арқылы қажетті ақпаратты көре алады.

Мұнан бөлек, референдум кезінде жергілікті тұрғындар үшін 109 бірыңғай байланыс қызметі жұмыс жасауға дайын. Диспетчерлер тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, учаскелердің мекен-жайы туралы ақпарат беретін болады.

Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласында 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *