Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапатын иеленді
Астанада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталды.
Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямоваға түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесі табысталды.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі












