Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал ететін, ең бастысы, елге пайдасы тиетін нақты нәтижеге қол жеткізу басты мақсат болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл міндетті іске асыруға құрылыс секторы тың серпін беретіні анық. Өткен жылы салада 16% деңгейінде өсім сақталды. 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 185 мың отбасы баспана жағдайын жақсартты», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет азаматтар үшін мемлекеттік қолдау құралдарын алуды оңайлатуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін қабылдады. Атап айтқанда, тұрғын үй саясатында негізгі рөл атқаратын Отбасы банкі ұлттық даму институты мәртебесіне ие болды. Тізімдерді цифрлық форматқа көшіру адам факторын барынша азайтып, тұрғын үйді есепке алу мен бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттырды.

Жалға берілетін тұрғын үй тетіктері мен мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар да маңызды рөл атқарып келеді. «Наурыз» және «Наурыз – жұмыскер» бағдарламалары бойынша жалпы көлемі 233 млрд теңгеге 8,5 мыңнан астам несие берілді.

«Биыл да құрылыс қарқынын сақтай отырып, тұрғын үйді қолжетімді ету бағытында жұмысты жалғастыру керек», — деп тапсырды Премьер-министр.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *