Қызылордадағы қуаттылығы 240 МВт және жылу энергиясын өндіру көлемі 277 Гкал болатын жаңа бу-газ қондырғысында іске қосу-реттеу жұмысының белсенді кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Қызылорда жобаны іске асыру – Энергетика министрлігінің Қазақстанның энергетикалық негізін жаңарту жөніндегі ауқымды жоспарының бір бөлігі. Биыл елде дәстүрлі және жаңартылатын энергияның рекордтық 2,64 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жылдық жоспарға төрт бу-газ қондырғысын, екі жел және төрт күн электр станциясын іске қосу, сондай-ақ екі нысанның қуаттылығын кеңейту жұмысы енгізілген.

Жаңа энергия нысандары жылына шамамен 16 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіреді деп көзделіп отыр. Бұл шаралар 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығын толық жоюға, ал 2029 жылға қарай қуаттардың тұрақты профицитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Түркиялық Aksa Energy компаниясының тікелей жеке инвестициясы есебінен іске асырылып жатқан Қызылордадағы жаңа бу-газ қондырғысы аймақтың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуге бағытталған.

Қазіргі уақытта екі газ турбиналы қондырғы тәулік бойы жұмыс істеп, біртұтас энергия жүйесіне 170 МВт қуат беріп отыр және еліміздің оңтүстік аймағы үшін қосымша генерацияны қамтамасыз етіп жатыр.

Таяу арада тағы бір бу турбинасын пайдалануға беру жоспарланған, бұл станцияны жобалық көрсеткіштерге шығаруға мүмкіндік береді.

Фото: Энергетика министрлігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *