Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен еліміздегі білім саласына тиянақты көңіл бөлініп келеді. Үкімет тарапынан болашақ мемлекет дамуына үлес қосатын жас буыннын заман талабына сай білім алуына да ерекше қамқор бөлінген. Бір ғана мысал, Сыр елі – Қызылорда облысында кейінгі төт жылда 42 білім нысаны пайдалануға берілген, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Айталық, 2022 жылы 8 нысан, яғни 1100 орындық 3 мектеп, 300 орындық дарынды балаларға арналған 2 мектеп-интернат, 230 орындық 2 балабақша, 250 орындық 1 қосымша білім беру ұйымы жұмысын бастаса, 2023 жылы 850 орындық 2 мектеп пен 1850 орындық 4 мектепке қосымша ғимарат халық игілігіне табысталды. Ал 2024 жылы 13 нысан құрылыс жүрді. Оның ішінде 960 орындық 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат, Қызылорда қаласындағы 350 орындық «Оқушылар сарайы» мен Жаңақорған ауданындағы 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебін» балаларға қуаныш сыйлады.

Былтыр Қызылорда облысында 2 мектеп бой көтерді. Алғашқысы – Қызылорда қаласының сол жағалауынан бой көтерген 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық облыстық физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты. Ерекшелігі сол, мұндағы жаратылыстану пәндерінің барлығы ағылшын тілінде жүреді. Бүгінде білім беру ұйымында 8 сынып бойынша 200 оқушы бар, оларды 24 педагог оқытуда.

Өткен жылғы тағы бір қуаныш, құны 11 млрд теңгені құрайтын 500 орындық «Сыр жұлдыздары» балалар мен жас­өспірімдерге арналған шығармашылық-инновациялық академиясының ашылуы. Президент Сыр еліне келген сапарында заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін шығармашылық академиясында болып, жас ұрпақтың жарқын болашағына бағытталған байыпты жұмысқа оң бағасын да берді.

Ерекше үлгіде салынған ғимарат – Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі ғимараты Бұдан бөлек, Шиелі ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебін» айтсақ болады.

Айта кетейік, Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша 6900 орындық 10 мектептің құрылысы аяқталған, бүгінде оқушыларға білім беруде. Сонымен қатар, саладағы үлкен құрылыстардан бөлек, кейінгі жылдары 21 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүрді. Өңірдегі 9 мектептің жанынан қосымша ғимарат салынып, облыстағы үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі жойылды.

Фото: облыс әкімдігі

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *