Қосшы бағытына жүргізілетін LRT желісінің құрылысын China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

Құрылысты LRT-ның бірінші кезеңінің мердігері – China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd компаниясы жүргізеді, – делінген жауапта.

Әзірге құрылыс жұмыстарының белсенді кезеңі қашан басталатыны және жобаның нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Компания өкілдерінің айтуынша, жобаның жүзеге асуы қаржыландыру мәселесіне байланысты болады.

Сондай-ақ жобаның болжамды құны да әзірге айтылған жоқ. Қаржыландыру көздері мен түпкілікті құны жобалық құжаттама дайын болғаннан кейін анықталады.

CTS мәліметінше, LRT-ның Қарқаралы тасжолы бойымен өтетін екінші кезеңін салу кезінде көлік қозғалысына шектеу қою, жолды жабу немесе қазіргі жол қозғалысы сызбасын айтарлықтай өзгерту жоспарланып отырған жоқ.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қосшы бағытына LRT салу қымбат жобаға айналуы мүмкін екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, мұндай құрылысты тек бюджет есебінен қаржыландыру қиынға соғуы ықтимал.

Сонымен қатар министр мұндай жобалар халықаралық қаржы ұйымдары мен серіктестер тарапынан жақсы қолдау табатынын да атап өткен еді.

Фото: Артем Чурсинов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *