Қазгидромет: Елдің солтүстігінде түнде үсік жүреді
Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік аймақтарында түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін. Кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сонымен қатар жел күшейіп, тұман түседі, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Елордада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге дейін жетеді.
Алматыда күн бұлтты болып, найзағаймен бірге жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Жел екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +20…+22°C шамасында болады.
Шымкентте де бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +16…+18°C болса, күндіз +25…+27°C-қа дейін көтеріледі.













