Қызылордалық оқушы қыз ҰБТ-дан 140 балл жинады
Қызылордалық Алтынсары Кәусар дүниежүзі тарихы-ағылшын тілі комбинациясы бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті. Осылайша сырбойылық оқушы білім сынағында 140 балл жинады.

Сондай-ақ Павлодарлық Әсет Альтаир да география-математика комбинациясын таңдап, ҰБТ-дан 140 балл жинады.

Енді екі талапкерге оқу орталығы 50 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық беруге ниетті. Сондай-ақ оларға 4 жыл бойы ай сайын 140 мың теңге шәкіртақы, ал олардың ата-аналарына 3 миллион теңге сыйақы беріледі.













