Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемеде сотталған азаматтарға тәрбиелік-профилактикалық мақсатта кино көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Іс-шараның басты мақсаты – жазасын өтеушілердің дүниетанымын кеңейту, адамгершілік қасиеттерін арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.

Кино көрсетілімі барысында әлемге танымал «В погоне за счастьем» және «1+1» фильмдері көрсетілді. Аталған туындылар адамның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, қиындыққа мойымау, достық, мейірім мен адамгершілік құндылықтарын насихаттайды.

Мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Бауыржан Сәметовтың айтуынша, мұндай тәрбиелік шаралар сотталғандардың психологиялық жағдайына оң әсерін тигізіп, болашаққа деген сенімін нығайтуға көмектеседі.

Киноны тамашалаған жазасын өтеушілер мекеме әкімшілігіне алғысын білдірді.

– Бүгінгі көрсетілген фильмдер ерекше әсер қалдырды. Әсіресе, адамның қандай қиын жағдай болса да өмірден үміт үзбеуі керектігін түсіндік. Осындай шаралар бізге ой салып, жақсы жаққа өзгеруге мотивация береді, – деді сотталғандардың бірі.

Айта кету керек, ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарды қайта тәрбиелеу және қоғамға бейімдеу мақсатындағы мәдени-танымдық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *