Қазақстанның оңтүстік аймақтарында алдағы күндері аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +40 °C-қа дейін жетеді.

Батыс өңірлерде найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік облыстарда жаңбыр жауып, бұршақ түсу ықтималдығы бар. Ал елдің шығыс және орталық бөліктерінде жауын-шашынсыз, тұрақты ауа райы болжанып отыр.

Астанада күн құбылмалы бұлтты болады. Жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін жетеді. Түнгі ауа температурасы +18…+20 °C болса, күндіз +31…+33 °C шамасында болады.

Алматыда да жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде +17…+19 °C, күндіз +31…+33 °C жылы болады.

Фото: Pixabay

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *