Сыр елі: Арал халқын таза сумен қамту тоқтамайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмасы Арал ауданы бойынша толықтай орындалуда, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Аталған тапсырма аясында Арал ауданында бірқатар жұмыстар атқарылып, нәтижесінде аудан бойынша 48 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылды.
Ал қалған 4 елді мекен (Атанши, Мойнақ, Сазды және Абай) бүгінгі күнге дейін орталықтандырылмаған ауыз су көздері, яғни шахталық құдықтар арқылы таза ауыз сумен қамтылуда.

Жақын күндері Абай ауылы да толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылатын болады.
Фото: Арал ауданы әкімдігі












