Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан орталығындағы жағажай аумағында жүргізіліп жатқан тазалық және абаттандыру жұмыстарын аралап көрді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Ауқымды акция барысында жағалау аумағын ретке келтіру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында атқарылған жұмыстар қаралды.
Сондай-ақ аудан басшысы ауданға қарасты ауылдық округтерді аралап, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткен сенбіліктердің барысын бақылады. Елді мекендердің санитарлық тазалығы, көшелер мен қоғамдық орындардың жай-күйі тексеріліп, атқарылып жатқан жұмыстар бағаланды.
Жандос Еркінбек ауылдық округ әкімдеріне тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру жөнінде тапсырмалар жүктеді.
Фото: Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *