Қызылордадағы Жаңақорған ауданының «Руханият» орталығында облыстық Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт!» тақырыбында кеңейтілген кездесуі өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айгүл Мұсабаева, «Praktikos» Еуразиялық заңгерлер және медиаторлар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша директоры Жанна Мейрамбекқызы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, кәсіпкерлік, құқық қорғау және әлеуметтік сала өкілдері қатысты.
Жиын барысында отбасы құндылықтарын сақтау, ана тәрбиесінің қоғам дамуындағы маңызы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және ұлт тәрбиесіндегі аналардың жауапкершілігі төңірегінде мазмұнды пікір алмасу болды.
Іс-шара соңында тиісті сала мамандарының қатысуымен тұрғындарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, азаматтардың әлеуметтік, құқықтық және отбасылық мәселелер бойынша қойған сұрақтарына жауаптар беріліп, қажетті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Фото: Жаңақорған ауданы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *