Ұлттық домбыра күніне орай Қызылорда қаласының әуежайында ұлттық өнерді ұлықтаған ерекше мәдени шара ұйымдастырылды. Қалалық мәдениет үйінің жас өнерпаздары жолаушылар мен қала қонақтарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, домбыраның әсем әуенімен мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жас домбырашылардың орындауындағы шығармалар қазақ халқының бай рухани мұрасы мен ұлттық өнерінің өміршеңдігін тағы бір мәрте айқындады. Сапарға аттанған жолаушылар мен қала қонақтары тосыннан ұйымдастырылған мәдени бағдарламаны қызыға тамашалап, өнерпаздарға жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, домбыра өнерінің қадір-қасиетін кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақтың бойына халқымыздың мәдени мұрасына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Осындай тағылымды шаралар ұлттық өнерді жаңғыртып қана қоймай, көпшілікке қазақтың төл мәдениетін танытуға және ұлттық рухты нығайтуға өз үлесін қосады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *