Құрылтай сайлауы: Қызылорда өңірінде 386 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді
Президент Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызда елімізде Құрылтай сайлауы өткізіледі.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына арналған Күнтізбелік жоспарды бекітті. Жалпы науқанды ұйымдастырудың ұзақтығы 54 күнді құрайды. 12 күн саяси партиялардың құжаттарын ұсынуға бекітілсе, 29 күн үгіт кезеңіне арналады.

22 тамыз – тыныштық күні, 23 тамыз – дауыс беру күні.
Қазіргі таңда сайлауды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылғы 11 шілдеге дейін аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарын жариялау көзделген. Бұл ретте 9 шілде күні облыстық және аудандық басылымдарда комиссия құрамын БАҚ-та жарияланды.
Сонымен бірге әкімдіктер сайлау учаскелерінің шекараларын жариялайтын болады.
– Қызылорда өңірінде 9 аумақтық, 386 учаскелік сайлау комисиясы жұмыс жасайды. 9 аумақтық сайлау учаскесінде 63 комиссия мүшесі тұрақты түрде қызмет атқарса, 386 учаскеде 2720 сайлау комиссиясының мүшесі бар.
Өңірдегі 386 учаскенің 132-і Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда.
Аймақта 500 926 дауыс беруші азамат тізімге енгізілген. Тұрғындардың тізімі 2 тамызға дейін өзектендіріліп, тиісті учаскелерге ұсыналады. Әрі қарай учаскелер дауыс беруші азаматтар тізімімен жұмыс жүргізеді, – деді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.
Құрылтай сайлауын өткізуге жауапты комиссия мүшелерін оқыту кезең кезеңімен жүзеге асады.












