«BaiQymyz-2026»: Қымыздың көкесін кімнен аламыз?
Астанада қымыз өндірушілердің ең мықтылары анықталды. Елордада қымызды дәріптеуге арналған «BaiQymyz-2026» халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті.
Астана әкімдігінің мәліметінше, екі күн ішінде шараға 70 мыңнан астам адам қатысып, өндірушілер 56 тонна ұлттық сусын ұсынды.
Фестиваль аясында қатысушылар өз өнімдерін таныстырып, бірнеше критерий бойынша бақ сынады. Қазылар алқасы қымыздың сапасын, дәмін, дайындалу ерекшеліктерін және ұлттық дәстүрлерге сәйкестігін бағалады. Сондай-ақ бұл шара өндірушілер арасында тәжірибе алмасуға және қонақтарды қазақ халқының мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік берді.
«BaiQymyz» бас жүлде иегерлері:
- Гран-при — Ақмола облысы, Бурабай ауданы, «Qymyznai Qymyzy»
- Алтын — Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, «Ағабек ата ерекше қымызы»
- Күміс — Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Saryarqanyn saf qymyzy»
- Қола — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Qarakush» қымызы
«Ем қымыз» номинациясы:
- Алтын — Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «Баянның бал қымызы»
- Күміс — Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Saryterek»
- Қола — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Sarybel»
«Халық таңдауы» номинациясы:
- Алтын — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Теректінің текті қымызы»
- Күміс — Абай облысы, Абай ауданы, «Sarzhal Bakytzhan»
- Қола — Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Ақтоған»
Фото: Астана әкімдігі












