ӘЧ-2026 финалы: Испания мен Аргентина арасындағы матчты қашан және қайдан көруге болады?
Испания мен Аргентина арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы Қазақстан уақыты бойынша 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Кездесу Ист-Ратерфордтағы (Нью-Джерси штаты) MetLife Stadium (New York/New Jersey Stadium) стадионында өтеді.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін ойын 20 шілдеде сағат 00:00-де басталады. АҚШ-та ойын 19 шілдеде сағат 15:00-де басталады.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалы Qazaqstan және Qazsport телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Испания финалға шыққан алғашқы команда болды, Францияны 2:0 есебімен жеңді.
https://kaz.inform.kz/news/ach-2026-ispaniya-16-zhildan-keyn-alem-chempionatinin-finalina-shikti-27ef5567
Ал Аргентина әлем чемпионатында қатарынан екі мәрте финалға шықты.
Фото: ЖИ kaz.inform.kz












