Қазақстанда бір адамның атына 773 тұрғын үй тіркелген
Қазақстанда 5,55 миллион азаматтың меншігінде тұрғын үй бар. Олардың 4,3 миллионында бір баспана болса, 934 мың адам екі, 219 мыңы үш тұрғын үйге иелік етеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 47 азаматтың атына 100-ден астам тұрғын үй тіркелген. Оның ішінде 22 адамның меншігінде 150-ден астам, ал 5 азаматта 500-ден астам тұрғын үй нысаны бар.
Ең жоғары көрсеткіш – 773 тұрғын үй. Оның 745-і Қостанай облысында, 24-і Солтүстік Қазақстан облысында, қалған 4 нысан Қарағанды облысында орналасқан.

Фото: Ашық дереккөз












