«Dalatex» ұжымымен кездесуде өндіріс саласындағы мәселелер талқыланды
Қызылорда қаласындағы «Dalatex» кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Жүздесу барысында өңдеу өнеркәсібі, жұмыспен қамту, еңбек жағдайы, өндірісті жаңғырту және кадр даярлау мәселелері талқыланды.
Кездесуде «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында өндіріс пен экономикаға қатысты ұсыныстар таныстырылды. Атап айтқанда, отандық өндірісті дамыту, кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктерін жетілдіру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және жұмыспен қамту мәселелері сөз болды.
Облыстық штаб мүшесі Әлібек Жаппасбаев бағдарламада өндіріс саласына қатысты қарастырылған бағыттарға тоқталды.
«Өндірістің тұрақты жұмыс істеуі кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктеріне, инвестициялық жобалардың жүзеге асуына және жергілікті өндірістің дамуына байланысты. Бағдарламада осы бағыттарға қатысты бірқатар ұсыныстар қамтылған», – деді ол.

Кездесуде өндірістік процестерді цифрландыру мәселесі де қаралды. Штаб мүшесі Гүлшат Мұсаева цифрлық технологияларды өндірісте қолданудың еңбек процестерін ұйымдастыруға, өнімділікті арттыруға және қызметкерлердің жаңа дағдыларды меңгеруіне әсері туралы айтты.
«Өндірісте жаңа технологиялардың қолданылуы мамандардың кәсіби дағдыларына қойылатын талаптардың өзгеруіне әкеледі. Осыған байланысты қызметкерлердің цифрлық және кәсіби құзыреттерін жетілдіру мәселесі де қарастырылуы мүмкін», – деді Гүлшат Мұсаева.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері еңбек жағдайы, жұмыс орындарының тұрақтылығы, өндірісті кеңейту, еңбек қауіпсіздігі және кәсіби біліктілікті арттыруға қатысты сұрақтарын қойды.

Қызметкерлердің ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Жүздесу барысында кәсіпорынның жұмыс үдерісі мен еңбек ұжымына қатысты мәселелер қарастырылып, тараптар өз пікірлерін білдірді.












