Қазақстандағы жаппай электр өшуіне Қырғызстандағы Тоқтоғұл ГЭС-інде болған ақау себеп болған.
14 тамызда станциядағы екі гидрогенератордың істен шығуы Орталық Азияның энергетикалық жүйесінде іркіліс туғызды. Ақаудың салдарынан Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Жетісу және басқа да өңірлерде электр қуаты уақытша өшірілді.
Қазіргі таңда электрмен жабдықтау толықтай қалпына келтірілді.













