Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазын құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz
«Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды», — делінген хабарламада.
Фото: Qazaqstan Barysy












