«Адал Азамат» бағдарламасы аясындағы «Суды үнемде болашақты сақта!» жобасының нәтижелері жарияланды
Танымдық ертегілер мен IT-платформалардан бастап мектептердегі практикалық бастамаларға дейін: «Суды үнемде – болашақты сақта!» экологиялық бастамасы республика бойынша 3,3 миллионнан астам білім алушыны қамтыды. АСТАНА. Елордадағы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитетінің (АҚХҚ АК), ЮНИСЕФ-тің тікелей қатысуымен, сондай-ақ Француз даму агенттігінің (AFD) қаржылық қолдауымен «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ жүзеге асырып жатқан «Суды үнемде – болашақты сақта!» республикалық әлеуметтікбілім беру жобасының нәтижелері мен одан әрі іске асыру стратегиясы таныстырылды. Жоба суды ұқыпты тұтынудың практикалық дағдыларын, экологиялық жауапкершілікті және жасампаз азамат құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
ҚАМТУ АУҚЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕР
Жобаның жүзеге асырылуы Қазақстанның білім беру секторының жоғары деңгейде қатысуын және білім алушылардың теориялық ақпараттанудан белсенді практикалық іс-әрекетке көшуін көрсетті: > 3,3 млн Оқушылар және 35 мың студент қамтылды 2 600+ 55 Мектеп және республика бойынша 100 колледж Мектеп су клубы құрылды Жоба аясында ауқымды экологиялық және ағартушылық іс-шаралар өткізілді: 12 мың бала сурет байқауына қатысты, 1,5 мың оқушы «Өзенді қамқорлыққа ал» плоггинг акциясына қосылды, сондай-ақ 55 команданың қатысуымен дебат қозғалысы ұйымдастырылды.
ЕЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ МЕН МИНИСТРЛІКТІҢ ҚОЛДАУЫ
Астана қаласының мектептері әлеуметтік шешімдерді әзірлеудің негізгі алаңына айналды. Атап айтқанда, № 91 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары «Су ізі» қолданбалы бағдарламасы мен ITплатформасын әзірледі. Бұл құрал жеке адамның және отбасының су тұтыну көлемін бағалауға, сондай-ақ күрделі инфрақұрылымдық шығындарды қажет етпей, су шығынын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылар әзірлеген әлеуметтік бейнероликтер Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми қолдауына ие болып, су үнемдеу жөніндегі ұлттық ақпараттық науқанға енгізілді.
«Суды үнемдеу – бұл тек экологиялық мәдениет емес. Бұл – өз отбасыңа, мектебіңе, қалаңа және еліңе деген жауапкершілік. Біз «білдім» моделінен «білдім → зерттедім → жасадым → бөлістім → өзгерттім» моделіне көшіп жатырмыз. Мектеп жобасы мектеп қабырғасынан шығып, ел игілігіне қызмет ете бастағанда – бұл «Адал Азамат» тұжырымдамасының іс жүзіндегі көрінісі болып табылады». — Педагогтердің тамыз конференциясындағы сөзінен үзінді
ӘДІСТЕМЕЛІК БАЗА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ
Су үнемдеу тәжірибелерін оқу процесіне жүйелі түрде енгізу үшін оқу-әдістемелік және ағартушылық ресурстар кешені әзірленді: Ресурс / Жоба Сипаттамасы мен мақсаты «Су сандығы» Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мақұлдаған 1–11-сынып педагогтеріне арналған кешенді әдістемелік конструктор. Құрамына сабақ сценарийлері, тесттер, инфографика және интерактивті тапсырмалар кіреді. «Тамшының таңғажайып оқиғалары» Ұлттық дәстүрлер мен мәдени образдарға негізделген 10 экологиялық ертегіден тұратын топтама. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Оқитын ұлт» жобасына кіріктірілген. Инфрақұрылымдық шешімдер Тамшылатып суарудың 10 демонстрациялық алаңын құру, білім беру ұйымдарында ауызсу бұрқақтарын және сенсорлық крандарды орнату.
ПЕРСПЕКТИВАЛАР: ТӘЖІРИБЕНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНЕ ТАРАТУ
Жобаны дамытудың келесі кезеңі елорда мектептерінің сәтті тәжірибелері мен әзірленген әдістемелік құралдарды еліміздің барлық өңіріне тарату болмақ. Қалыптастырылған білім беру экожүйесі су үнемдеу тәжірибесін Қазақстан Республикасының әрбір облысының экологиялық және су ресурстары ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Кешенді модельді барлық өңірде енгізу мектеп су клубтарының бірыңғай ұлттық желісін құруға, балалардың әлеуметтік бастамаларын кеңінен таратуға және өскелең ұрпақ арасында суды ұтымды пайдалану мәдениетін бүкіл ел бойынша жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Су және білім» – Арал теңізі бассейніндегі Қазақстан мен Өзбекстанды қамтитын халықаралық жоба. Жоба Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің, «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚның, Аралды құтқару халықаралық қоры Атқарушы комитетінің (АҚХҚ АК), Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, сондай-ақ ЮНИСЕФ, Француз даму агенттігі (AFD) және Өзбекстан Республикасының бейінді министрліктерінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жоба су ресурстарын ұтымды пайдалану, сапалы білім беру және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған.

Фото: ЖИ












