22–24 тамыз аралығында Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер мен бұршақ болуы мүмкін.

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронт әсер етеді. Соның салдарынан көптеген өңірде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда жауын-шашын күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал.

Батыс облыстарда антициклонның ықпалына байланысты жауын-шашын болмайды. Бұл өңірлерде күн ыстық болып, ауа температурасы +34 не 39 градусқа дейін көтеріледі.

Бұған дейін синоптиктер қыркүйек айына да болжам жасап, күздің алғашқы айында ауа райы негізінен климаттық нормаға жақын болатынын хабарлаған. Кейбір өңірлерде күн әдеттегіден жылы әрі жауын-шашынды болуы мүмкін. Сондай-ақ жекелеген облыстарда үсік жүруі ықтимал.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *