Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскенін хабарлайды. Сондай-ақ, біздің елден тыс жерде орналасқан 16 шет мемлекетте 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, — деп атап өтті ОСК басшысының орынбасары.

Айтуынша, аумақтық сайлау учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 6.00-де басталған.

Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды. Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды. Барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 61 шет мемлекетте 79 учаске, — деді Мұхтар Ерман.

Фото: БАҚ.КЗ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *