Орал қаласында үйлену тойы кезінде өткізілген әзіл рәсімі ауыр зардаппен аяқталған төбелеске ұласты.

Оқиға той барысында «тентек кәде» рәсімі кезінде болған. Бұл күйеу жігіт пен қалыңдықтың туыстары бір-біріне әзіл жасап, көңілді тапсырмалар беріп, символикалық кәде сұрайтын жергілікті «дәстүр» екен. Оның мақсаты тойдағы көңіл-күйді көтеріп, екі әулетті жақындастыру.

Алайда күйеу жігіттің жақындарының бірі әзілді шынайы қабылдап, ашуға берілген. Екінші қатысушы қалжыңын жалғастыра берген кезде, ер адам өзін ұстай алмай, оның жағынан жұдырықпен бір қойған.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ер адамның кәде сұраған «тентектің» бетіне соққы жасағаны көрінеді.

Салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, оның бірнеше тісі мен қабырғалары сынған.

Қазір жанжалдың нақты мән-жайы мен денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесі анықталып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарына ешқандай арыз немесе шағым түспеген.

Оқиғаға қатысушылардың жеке басы анықталған. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.

«Азаматтардың өз түсініктемесіне сәйкес, болған жағдай қойылым сипатында әрі қалжың ретінде ұйымдастырылған»,  деп хабарлады полиция өкілдері.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *