Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында айтылған.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылады.

Мемлекет басшысы бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес қабылдады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақорда мәліметінше, бұл – Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымының алғашқы сессиясы.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *