Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды.

Отырысқа 145 депутат қатысып отыр.

Бұған дейін Президент Құрылтайдың бірінші сессиясы 28 тамызда сағат 11:00-де Астанада өтетінін жаздық. Оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 тамыздағы Жарлығымен шақырды.

23 тамыздағы сайлау қорытындысы бойынша бес партия 5 пайыздық межеден өтті. 145 мандат мынадай тәртіппен бөлінді:

• «Әділет» – 110 мандат;
• «Ауыл» – 10 мандат;
• Respublica – 9 мандат;
• «Ақ жол» – 8 мандат;
• ЖСДП – 8 мандат.

Фото: Олжас Адай

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *