«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады.

Солтүстік Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Жетісу облыстарында екпіні 25 м/с болатын қатты жел соғады.

Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл соғады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *