Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды
Ақорда таңы ауыс-түйіспен басталды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиынында орын алған оқыс оқиғадан кейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Араға сағат салып су жаңа министрдің аты белгілі болды. Бұл қызметке Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Ол 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын тәмамдаған. Еңбек жолы алғаш Взвод командирінен бастап, Мемлекеттік күзет қызметі (СГО) департаментінің бастығына дейінгі лауазымдық жолдан өткен.
Қызмет барысында мінезінің беріктігін және қабылданған шешімдерге деген жоғары жауапкершілігін танытқан.
Бұған дейін 2024 жылдың қаңтарынан бастап Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып еңбек еткен еді.












