Нығматулин, Тасмағамбетов, Көшербаев: бұрынғы шенеуніктер тойда бас қосты
Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктері белгілі актер әрі режиссер Досхан Жолжақсыновтың 75 жылдық мерей тойында бас қосты. Әлеуметтік желіде мерекелік шарадан түсірілген видеолар тарады.
Тойға келген қонақтардың арасында бұрынғы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Сенаттың бұрынғы депутаты Қуаныш Сұлтанов, президенттің экс көмекшісі Тамара Дүйсенова, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов және Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин төбе көрсетті.
Тойды Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов ашты.
Айта кетейік, Досхан Жолжақсынов – Қазақстанның халық әртісі, актер әрі режиссер. Ол «Біржан сал», «Құнанбай» секілді тарихи фильмдер арқылы көпшілікке танылған.
Фото: скриншот












