Перизат Қайраттың дүние-мүлкі тәркіленді
Қаржы мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда.
Қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген еді.
Коллаж Qaz365.kz
Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау», «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері тәркіленді.
Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді.
#ФастньюсКЗ #ПеризатҚайрат #2024