БҚО әкімі «Ең белсенді әкім» атанды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы «Ең белсенді әкім» атанды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, республикалық STAN.KZ ақпараттық агенттігі «ЕЛ ҮНІ — 2024» рейтингін ұйымдастырған екен. Нәтижесінде «Ең белсенді әкім» номинациясымен БҚО әкімі марапатталды.
Атаулы марапатты аймақ басшысына STAN.KZ агенттігінің басшысы, қоғам белсендісі Шыңғыс Мәдібек арнайы табыстады.
#БҚО #әкім #2024 #ЕңБелсенӘкім #ФастНьюсКЗ