Бас қалада жолақыдан жалтаратын жолаушыларды анықтайтын жүйе іске қосылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Шаһар басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасында қоғамдық көліктің жұмысы туралы жазба қалдырды. Ол Bus Lane енгізу есебінен автобустарды күту уақыты қысқарғанын, ал көліктің орташа жылдамдығы 16 км/сағ дейін артқанын айтты.

/сурет ашық дерек көзден алынды

«Ақылды бағдаршам» енгізілген учаскелерде көліктің орташа жылдамдығы 30 км/сағ дейін ұлғайды. Сол сияқты бүгін автобустарға түсетін жүктемені бақылау бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Жолаушыларды бақылауды жақсарту үшін жүйе әр автобуста нақты қанша адам билетсіз жүретінін көрсетеді. Бұл көліктік бақылау департаментінің тиімді жұмыс істеуіне және жолақы төлеуден жалтарғандарды анықтауды арттыруға, сол арқылы оларды азайтуға мүмкіндік береді, — деп Жеңіс Қасымбек

#Фастньюскз #Астана #автобус #жолақы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *