Шерзат Болаттың әкесіне меценат үй салып береді
Кісі қолынан қаза тапқан талғарлық Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа меценат үй салып беретін болды. Бұл жайлы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді мәлімдеді.
/сурет ашық дерек көзден алынды
Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады, ал Перизаттың жинаған ақшасы бұл мақсатқа жұмсалмайды.Біздің бұл жинаққа қатысымыз жоқ болғандықтан, оның реквизиттерін білмейміз.Қазіргі уақытта пікірлерде әртүрлі реквизиттер пайда болуда, алаяқтық әрекеттерге жем болып қалмаңыздар. Реквизиттерді нақтылау үшін ақпартатты тікелей Перизатқа хабарласып алуға болады.Бұл жинақтың мақсаты бізге белгісіз.Перизат ешқандай қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып табылмайды және ол біздің сенім білдірушіміз немесе қамқорлығымыздағы тұлға емес. Оның өз адвокаттары және қоғамдық қайраткерлері бар. Осы жинақты бізбен және Қаржаумен байланыстырмауларыңызды сұраймыз, — дейді Айтбек Амангелді.
Айтайық, Шерзаттың әкесінің үйі былтыр қазанда өртеніп кеткен еді. Өрт сөндірушілер оқиға орынына жедел жеткенімен, тұрғын-жай тұтас өртеніп кетті.
#Шерзат #Талғар #Қаржаубай #меценат #2025