Алматылық полицей кісі қолынан қаза тапты. Оқиға алмалы шаһардың мейрамханаларының бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша марқұм әлде біреулердің әйелге жәбір көрсетіп, соққылап жатқанын көрген. Алдымен ескерту жасаған. Кейін күдіктімен кикілжін басталған. Бұл жайлы бейнебақылау камерасына түскен жазбадан байқауға болады.

/сурет ашық дерек көзден алынды

«Қазақтың қызын қорғаймын деп, өмірі қыршынынан қиылды. Жолдасыммен әлі көретін жақсылығымыз әлі алда еді ғой, мақсаттарымыз алға қойған. Мына бала-шағаны өсіреміз деген мақсатымыз бар еді. Көптеген жақсылық болады деген мақсатымыз бар еді. Енді өкінішті, жастайынан өмірі қиылды…», – марқұмның әйелі Бақыт Жетіген.

Қайғылы оқиға қызметтік уақыттан тыс болған. Белгілі болғандай жәбірленуші іш құрылысы мен жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған. Ауруханаға жедел жеткізілген, дегемен, аман алып қалу мүмкін болмаған. Марқұмның артында екі ұлы, екі қызы қалды.

Қазір қылмыс жасады деген күдікке ілінген азамат қамауға алынды. Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек қатарлас қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.  Қалған ақпарат тергеу жұмыстарына қатысты жарияланбады.

 #Фастньюскз  #полицей  #Алматы  #қылмыс  #қайтысболды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *