Нигерияның солтүстік-батысында түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей жанып кетті. Қайғылы оқиға Замфара штатының Каура Намода ауданында болған. Тағы денесін күйік шалған 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Елдің төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастады. Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтқан.

Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған.

Халифа Абубакар, мұғалім: — Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, «Өрт, өрт!» деп айқайлағынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға бірден атып шықтық. Мектептің төбесі отқа оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты.

/сурет ашық дерекөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *