Алматы қуыршақ театры Канадада өткен халықаралық театр фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы театр директоры хабарлады. Алмат Амангелді: «2024 жыл Мемлекеттік қуыршақ театры үшін тарихи жыл болды. Канадада Гран-при жеңіп алған театр қазақстандық қуыршақ өнерінің әлемдік мойындауға лайық екенін дәлелдеді. Бұл жеңіс – театр ұжымының орасан зор еңбегінің нәтижесі. Біз өнеріміздің әлемдік деңгейге көтеріліп, қазақстандық көрермендердің ғана емес, шетел азаматтарының да таңданысын тудыратынына қуаныштымыз», – деді. Театр басшысының айтуынша, бұдан бөлек театр Грузиядағы халықаралық фестивальде «Үздік режиссер» сыйлығын жеңіп алған. Сондай-ақ, Беларуссияда өткен «Ляльки над Неманом» фестивалінде қазақстандық қойылым арнайы дипломға ие болды.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *