Автобус қаққан оқушы қаза тапты
Ақмола облысында оқушыны автобус қағып, жасөспірім қаза тапты. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 19 ақпан күні Қараөткелдегі ІТ-мектепте болған.
Мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелет жасына толмаған жасөспірімді қағып кетті. Бұл фактіге байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, — деді Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
/сурет ашық дереккөзден алынды