Сотталушының құжаты жаңартылды
Таразда ҚАЖД қызметкерлері сотталған азаматтың жеке куәлігін жаңартуға көмектесті, — деп хабарлайды fastnews.kz порталы Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.
Таразда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азаматтың төлқұжаты жаңартылды. Мерзімі аяқталған құжатты ауыстыруға мекеменің арнайы есеп тобының аға инспекторы Арайлым Сәттібева мен Жамбыл аудандық көші-қон қызметінің өкілдері жәрдемдескен. Өз кезегінде жеке куәлігі жаңартылған ер адам көмек қолын созған тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.
/сурет Polisia.kz.