Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді
Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. 14 наурыз күніне жоспарланған
жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары — Ұлытауда, Түркістанда, Атырауда өткен болатын.
/сурет ашық дереккөзден алынды