Астанада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) семинары өтті.

Сапар аясында 11-12 наурыз күндері ЭЫДҰ-ның Аға сарапшылары Томас Балко мен Эндрю Виола Жоғарғы сот судьясының және Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің қатысуымен трансферттік баға белгілеу бойынша семинар өткізді, онда трансферттік баға белгілеудің әлемдік тәжірибелері мен қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев салықтық бақылауды жетілдіру бойынша Комитеттің жетістіктерін атап өтіп, трансферттік баға белгілеу шараларының салық базасын бұзу мен капиталды елден шығарудың алдын алудағы маңыздылығын атап өтті

Өз кезегінде ЭЫДҰ Аға сарапшылары ТМК-дағы трансферттік баға белгілеудің ерекшеліктерін ашып көрсеткен баяндамалар ұсынып, оның әділ салық салуды қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *