«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Ұлттық мұра» жобасы аясында тоғызқұмалақтан қалаішілік сайыс өтті.

Айтулы шараға партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева қатысып, Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

Қаламыздың 22 оқу ордасынан жиналған 80-ге жуық оқушылар ойын барысында бірнеше кезеңнен сүрінбей өтіп, финалға дейін жетті. 4 сағатқа созылған ойын нәтижесімен Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі алғашқылардың қатарынан көрініп, бірінші орынға ие болды.

Жалпы, тоғызқұмалақ ойыны кейбір деректерде осыдан 4 000 жыл бұрын пайда болған десе-ді. Ал мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан.

#AMAMAT

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Руханият

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *