Белгілі этнограф, жазушы Болат Бопайұлы бақиға бет бұрды.
ҚР «Мəдениет үздігі» төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы Болат Бопайұлы өмірден өтті. Қаралы хабар жайлы журналист Біләл Қуаныш әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Қазақ Болат Бопайынан айырылды… Қайран ағам-ай!», — деп жазды ол.
Болат Бопайұлы 1960 жылы дүниеге келді. ҚХР Шынжаң өлкесі, Алтай аймағында өмір есігін ашты. Қазақ этнографиясы тақырыбында 30-дан астам кітап жазған.
Саналы ғұмырының сан жылдарында әртүрлі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз қызмет етті. Айтайық, өткен ғасырдың 70-80 жылдары Шынжаң «Дене тəрбие саңлағы» журналында жауапты редактор болып қызмет атқарды.
Әр жылдары Қазақ радиосында, Қазақстан телеарнасында редактор, сценарист қызметін атқарған.