Қазақстанның Түркиядағы елшілігі отандастарымызға үндеу жариялады
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ондағы отандастарымызға үндеу жариялады. Хабарламада халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады. Оған бауырлас елдегі ахуал себеп.
Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға кеңес береді.
☎️ Түркиядағы жедел желі телефондары:
📞 ҚР Анкарадағы елшілігі: +905352734496
📞 ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
📞 ҚР Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
📞 ҚР Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789