Қазмедиа орталығында «Хабар» Агенттігінің 30 жылдығына арналған ерекше фотокөрме өз есігін ашты. Экспозиция – бұл жай ғана суреттер шеруі емес, бұл – Агенттіктің өткенінен бүгінгі күніне дейінгі жолын баяндайтын шынайы тарих. Мұндағы әрбір кадр – архивтік сәт, жұмыс барысындағы көрініс немесе адам тағдырынан сыр шертетін эпизод.
Көрме үш негізгі тақырыптық бөлімге бөлінген:
«ХАБАРДЫҢ» ШЕЖІРЕСІ. Агенттіктің алғашқы қадамдары, студияның іске қосылуы, тұңғыш тікелей эфирлер, тілшілік желінің қалыптасуы – барлығы фотохроника арқылы көрерменге жол тартады. Бұл бөлімде «Хабардың» даму жолы мен телеарна ретінде орнығу кезеңі жан-жақты қамтылған.
«ХАБАРМЕН» БІРГЕ. Бұл фотокөрме «Хабар» Агенттігінің бастауында тұрған және оның дамуына үлкен үлес қосқан адамдарға арналады. Мұнда «Хабарда» әр жылдары жұмыс істеген қызметкерлердің портреттері орналастырылған. Болашақта бұл фотокөрме бізбен бірге болмаса да, еңбегі тарихымыздың бір бөлігі болып қалған адамдардың есімдерімен толықтырылады.
БҮГІНГІ «ХАБАР». Қазіргі заман тележурналистикасының тыныс-тіршілігі, арналардың күнделікті жұмысы, эфир алдындағы дайындықтар, жаңа технологиялар мен кәсіби жауапкершілік – бәрі осы бөлімде. Бұл – теледидардың көрермен көзіне көрінбейтін, ішкі әлемі.
Фотокөрме ай сайын жаңартылып отырады — жаңа оқиғалармен, сирек кадрлармен және бұрын жарияланбаған материалдармен толықтырылады.
 Сізді осы көрмеге шақырамыз. «Хабардың» 30 жылдық тарихы – бұл тек жылдар легі емес, бұл адамдардың өмірі, олардың ізі қалған сәттер – фотосуреттер тілінде.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *