Қарызсыз қоғам: Қызылордада ауыл тұрғындарына түсіндірме жүргізілді
Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің мәдениет үйінде, ауыл тұрғындарына «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынға «AMANAТ» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Мұсаева Гүлшат Исақызы қатысты.
Жиынның басты мақсаты – “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында тұрғындарға түсіндірме жүргізу, алаяқтыққа жол бермеу, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталды.
Өткен жылы аталмыш жоба аясында қалада 2302 азамат қаржылық сауаттылығын арттырған болатын. Оның ішінде ауыл тұрғындары да бар.
Биылғы оқу курстары онлайн және оффлайн форматта өтуде. Несиелік берешегі 90 күннен асқан азаматтарды оқытуға баса назар аударуда. Курс барысында тегін оқу ғана емес заңгерлік көмек, несиеның ыңғайлы төлемін реттеу мәселелері де қарастырылады.
Қатысуға ниетті қала тұрғындары партияның қалалық филиалына жолығып немесе https://qogamfin.kz/kk сайтына тіркелу арқылы оқу курстарына жазыла алады.