«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасында мал басын көбейту жұмыстарына баса назар аударылған. Соның негізінде, партияның Қызылорда қалалық филиалының  жанындағы Партиялық бақылау космиссиясының мүшелері Қосшыңырау ауылдық округінде орналасқан «Сыр сұңқары» шаруа қожалығында болды.
Мал басын асылдандыру, көбейту бойынша ұйымдастырылған шарада шаруа қожалығының жұмысы сараланды. Селекциялық бағытта кәсібін жүргізіп отынған ауыл тұрғыны Райымбеков Сабырдың шаруа қожалығында 151 МІҚ және 52 бас жылқы бар. Басым бағыты асыл тұқымды «Ақбас» тұқымындағы сиырды өсіру. Аталмыш шаруа қожалығы 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *